Ауыл шаруашылығы санағына дайындық пысықталды

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 26 сәуірдегі тапсырмасы және Үкіметтің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 1 2 4 8 қ а у л ы с ы н а сәйкес, 2025 жылдың 1 тамызынан 20 қазанына дейін елімізде Ұлттық а у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы санағы өткізіледі. Осыған байланысты Жамбыл ауданында дайындық ж ұ м ы с т а р ы қ ы з у жүргізілуде. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Несіпбековтің төрағалығымен Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына қатысты аппараттық кеңес өтті. Кеңес барысында аудандық статистика басқармасының басшысы Айдар Қабатаев атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер жайын баяндады. – Ауыл шаруашылығы санағы – еліміздің аграрлық секторының құрылымы мен ресурстары туралы өзекті әрі нақты мәліметтерді алуға бағытталған маңызды статистикалық шара. Санақ деректері мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз е т у г е , ау ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы өндірушілерін қолдауға және халықаралық міндеттемелерді орындауға мүмкіндік береді, – деді Айдар Кеңесбайұлы. Биылғы санақ екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – 1-31 тамыз аралығында sanaq.gov. kz сайтында онлайн сауалнама арқылы өтеді. Шаруа немесе фермер қожалықтары, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер сайтқа ЭЦҚ, QRкод немесе SMS арқылы тіркеліп, сауалнаманы өз бетімен толтыруы тиіс. Бұл үрдісті жеңілдету мақсатында аудандық статистика б а с қ а рма с ы м е н же р г і л і кт і әкімдіктер ғимараттарында өзінеөзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылды. Аудан бойынша 3000-ға жуық респондент анықталған. Оның ішінде заңды тұлғалар – 100 пайыз, ал шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлердің 70-80 пайызы онлайн түрде санақтан өтуі қажет. Сонымен қатар, 9200 ауладан 10- 15 пайызы онлайн жүйесі арқылы тіркелуі жоспарланып отыр. Санаққа қатысты сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1446 нөмірлі байланыс орталығы көмек көрсетеді. Екінші кезең 2025 жылдың 20 қыркүйегі мен 20 қазаны аралығында өтеді. Бұл кезеңде арнайы дайындықт ан өткен интервьюерлер елді мекендерді аралап, үй шаруашылықтарынан с ау а л н а м а ж и н а й д ы . А й т а кету керек, санаққа қатысудан бас тартқандарға заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Санаққа сапалы дайындалу үшін ауданда 6 инструктор мен 22 интервьюер қабылдануы тиіс. Қазіргі таңда 5 инструктор жұмысқа тартылған, Қаракемер ауылдық округі бойынша бір орын әлі бос. Ал интервьюерлердің 10-ы ғана дайын. Қалған кандидатуралар бойынша апта сайын мәлімет беріліп тұрады. Санақты ақпараттық қолдау мақсатында елді мекендерде 32 билборд ілініп, 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап бейнероликтер білім, денсаулық сақтау және ауыл әкімдіктерінің чаттарында таратылып жатыр. Бұл жұмыс 15 қазанға дейін жалғасады. Санақ өткізуге дайындық аясында 12 ауылдық округке APM базасы орнатылды. Ал Ш.Ниязбеков ауылында компьютерлер дайын болмауына байланысты база орнатылмаған. Сонымен қатар, көше атаулары мен үй нөмірлерінің ілінуі тек 80 пайыз деңгейінде орындалып отыр. Кеңесте Қызылқайнар және Қарасу ауылдық округтерінде шаруа қожалықтарына онлайн өту бойынша кесте жасалмағаны да сынға алынды. Мамандардың көмегімен тіркелу проце сін жеделдету тапсырылды. Осыған байланысты 24-25 шілде күндері аудандық статистика басқарма¬ сында мамандарға арналған оқыту семинары ұйымдастырылады. Әр ауылдық округтен жауапты екі маманнан қатыстыру қажет. Кеңе сті қорытындылаған Нұрлан Несіпбеков ауылдық округ әкімдері мен жауапты сала мамандарына ауыл шаруашылығы санағын жоғары деңгейде өткізу қажеттігін қатаң ескертті. – Бұл – жай ғана статистикалық шара емес, мемлекет үшін, соның ішінде ауданымыз үшін де маңызды көрсеткіштерді айқындайтын стратегиялық іс. Сондықтан б а р л ы ғ ы м ы з б е л с е н д і л і к танытуымыз керек, – деді Нұрлан Күдербайұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.