«Жер кезегімді 8 жыл күттім»,-дейді тастөбелік тұрғын

Ш.Ниязбеков ауылынан шыққан аудан әкімі Сәкен Арубаев Тастөбе ауылына барып, 79 азаматқа берілетін жер телемімен құттықтады.

– Бүгін ауылдарыңызға арнайы келіп, жағымды жаңалықты жария етпекпіз. Облыс басшысының тікелей тапсырмасымен аудандағы елді мекендерде жер телімін кезектілік бойынша үлестіріп келеміз. Үй салып, шаңырақ көтеремін деген отбасыларға кезектілікпен жер телімі беріледі. Осы жағдайды ауылдың қариялары жеткізген еді. Міне, бүгін сол уәденің орындалуына куә болып отырсыздар, — деді өңір басшысы.

 

Аталған жер учаскесіне электр жарығы мен ауыз су құбыры тартылған.

 

– Кезекке 8 жыл бұрын тұрған екенмін. Бүгін кезегім бойынша хабар келгеннен кейін жедел жеттік. Облыс, аудан басшыларына алғысымды білдіремін. Берілген 12 соттық жерге қара шаңырақты ьіктеу ойымызда бар, — дейді Земфира Салпагарова.

 

АЛДАҒЫ КҮНДЕРІ ЖЕР ТЕЛІМІ БЕРІЛЕТІН АУЫЛДАР ТІЗБЕСІ

 

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында алдағы күндері Айшабибі ауылынан 382, Бірлесу-Еңбек ауылынан 130 жер теліміне электр жарығы, газ желісі, ауызсу, Бектөбе ауылынан 143, Аса ауылынынан 811 жер учаскесіне электр жарығы, газ желісі, Қызылқайнар ауылынан 222 жер теліміне қиыршық тас төсеу, электр, газ желісі тартылған жер учаскелері кезектілік тәртібімен беріледі.

 

Ақжігіт Жетпісбай, Жамбыл ауданы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.