Әулие-Ата төрінде ұлттық құндылықтар дәріптелді

2025 жылдың 20 тамызында Жамбыл облысында «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Қазақ халқының мәдени құндылықтары» атты өнер және этнографиялық бірегей жеке коллекциялар көрмесі салтанатты түрде ашылды.
Бұл шара қазақ халқының рухани байлығын, ұлттық салт-дәстүрлері мен мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған маңызды қадам болды.

Көрмеге облыстық «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Айгүл Кабиева, өңірлік этномәдени бірлестік өкілдері, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Мәдениет және өнер» факультеті студенттері, «Асыл аналар» ансамблі, Жамбыл облыстық тарихи өлкетану мұражайының ұжымы және облыстық БАҚ өкілдері қатысты. Шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу, өскелең ұрпақтың санасына ата-бабадан қалған асыл мұраны сақтау қажеттілігін сіңіру және қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту.

Көрме Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясында берген тапсырмаларына сәйкес модельдік жол картасы аясында ұйымдастырылды. «Әулие-Ата» қазақ мәдени орталығы» осы бастаманың алғашқы қадамын жасап, қазақ мәдениетінің бірегей мұраларын көпшілікке паш етті. Ашылу салтанатында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева, Айгүл Кабиева және Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейлхан сөз сөйлеп, ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.