Сайлауға бір апта қалғанда партиялар өңірлердегі және қоғамдық кеңістіктегі белсенділігін арттыруды жалғастырып жатыр. 17 тамызда жұмыс орындары, отандық бизнесті қолдау, экология, баспана, денсаулық сақтау және инфрақұрылымды дамыту мәселелері басты назарда болды. «Әділет» сарапшыларға «111+ шешім» құжатын таныстырды, «Байтақ» кандидаттардың өңірлерге сапары туралы есеп берді, ал «Ақ жол» бизнес және банк секторы өкілдерімен несиелеу мен баспананың қолжетімділігі мәселелерін талқылады. Өз кезегінде ҚХП ЖСДП-мен пікірталасын жалғастырса, «Ауыл» өндіріс, логистика және экология мәселелеріне назар аударды.
Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
«Әділет» партиясы 17 тамызда сайлауалды бағдарламасын таныстыруды жалғастырды. Көтерілген тақырыптардың қатарында креативті индустрияларды дамыту, отандық өндірушілерді қолдау, қазақстандық компаниялардың мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі, сондай-ақ білім беру мен түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері бар.
Сонымен қатар партия «Әділет сөзі» жобасын жалғастырып, Астанада «Құрылтай — 2026: сараптамалық көзқарас» кездесуін өткізді. Онда азаматтардың өтініштері, әлеуметтік зерттеулер мен сараптамалық талқылаулар негізінде әзірленген «111+ шешім» құжаты таныстырылды.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияБурабайда флешмоб өткізді. Құрылтайдепутаттығына кандидаттар мен партия белсенділері Абылай хан алаңында тұрғындарменкездесті. Қатысушылар партиялық рәміздер мен брендтелген киімдерді пайдаланды.
«Байтақ» партиясы экологиялық тақырыптар мен өңірлердегі кездесулерге арналған іс-шараларынжалғастырды. «Көлсай көлдері» ұлттық паркіндебиоалуантүрлілікті сақтау, ерекше қорғалатынтабиғи аумақтар, экотуризм және инспекторлардыңжұмысына қатысты мәселелер талқыланды.
Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Маңғыстау және Павлодар облыстарында партия өкілдері еңбекұжымдары және тұрғындармен кездесті. Көтерілгенмәселелердің қатарында ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау, қалдықтарды қайта өңдеу, қоршаған ортаның жағдайы, кәріз сулары, санитарлық қауіпсіздік, денсаулық сақтау және салынуы жоспарланған өндірістік нысандар бар.
Қазақстанның Халық партиясы еңбекұжымдары және түрлі сала өкілдеріменкездесулерін жалғастырды. Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында еңбекқұқықтары, еңбек жағдайлары, цифрлықинфрақұрылым және жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.
Қостанай облысында ҚХП атынан кандидат Нұржан Бияқаев ЖСДП-ның еңбек қатынастарымен әлеуметтік саясат саласындағы ұсыныстарынатоқталып, осы мәселелерге қатысты партияныңұстанымын білдірді. «Халық үні» подкастындатұрғын үй саясаты мен баспананың қолжетімділігімәселелеріне де назар аударылды. Сондай-ақ партия кандидаттар тізімінің гендерлік құрамытуралы мәліметтер ұсынып, әйелдердің өкілдігі мен еңбекақы мәселелерін көтерді.
«Ауыл» партиясы Шымкентте мұнай өңдеузауытына логистикалық қызмет көрсететін«Қазығұрт – оңтүстік» кәсіпорнының ұжымыменкездесті. Партия төрағасы жұмысшыларментеміржол тасымалының тиімділігін, инфрақұрылымды жаңғыртуды, кадр даярлауды, еңбек жағдайлары мен өндірістің тұрақтылығынталқылады.
Атырау облысында партия белсенділері кандидат Нұртас Байжановпен бірге «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізіп, Жайық өзенініңжағасын қоқыстан тазартты.
«Ақ жол» партиясы еңбек ұжымдары, бизнес және банк секторы өкілдерімен кездесулерінжалғастырды. Атыраудағы вагон жасау зауытындаотандық өндірісті дамыту, несиелеу, ипотека, баспананың қолжетімділігі және дербесмәліметтерді коллекторларға беру мәселелері талқыланды.
Маңғыстау облысында партия өкілдерітұрғындармен және кәсіпкерлермен кездесіп, отандық өнімдерді қолдау, бизнесті қаржыландыружәне қарыздардың қолжетімділігі мәселелерінқарастырды. Астанада «Engineering Services» компаниясының ұжымымен өткен кездесудемедициналық сақтандыру, салық салу және ипотекалық несиелеу мәселелері талқыланды.
«Respublica» партиясы азық-түлік қауіпсіздігі мен отандық өндірісті қолдауға басымдық бере отырып, өңірлерге сапарларын жалғастырды. Қостанай облысында кандидат Ернат Солтиев партия штабының кәсіпорындарға бару және еңбекұжымдарымен кездесулерді қамтыған сапарытуралы айтты.
Көкшетауда партия өкілдері «Қазақстандықагроинновациялық корпорация» ЖШС-не барып, ауыл шаруашылығы машина жасау саласын дамыту және отандық өндірушілерді қолдау мәселелерінталқылады. Партия төрағасының орынбасарыОлжас Құспеков жеңілдетілген лизинг пен утильалым тақырыптарына тоқталды. Соныменқатар цифрландыру, тауарларды таңбалау және отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері қарастырылды.
Осылайша, 17 тамызда партиялар сайлауалдынауқанын бірден бірнеше бағыт бойыншажалғастырды. «Әділет» сарапшыларға «111+ шешім» құжатын таныстырып, креативтіиндустриялар мен отандық өндірушілерді қолдауғабағытталған бастамаларын ілгерілетудіжалғастырды. ЖСДП Бурабайда үгіт-насихатфлешмобын өткізсе, «Байтақ» экологиялық күнтәртібі мен өңірлердегі кездесулерге, ҚХП еңбекқұқықтары, денсаулық сақтау, баспана және цифрлық инфрақұрылым мәселелеріне назараударды. «Ауыл» өндірісті, логистиканы дамытуғажәне экологиялық іс-шараларға, «Ақ жол» бизнестіқолдау, несиелеу мен баспананың қолжетімділігіне, ал Respublica азық-түлік қауіпсіздігі, цифрландыружәне отандық тауар өндірушілерді қолдаумәселелеріне басымдық берді. Сайлауға санаулыкүн қалғанда партиялар еңбек ұжымдары, бизнес өкілдері және өңір тұрғындарымен жұмысын жалғастырып, бір мезгілде өздерініңбағдарламалық басымдықтары мен бәсекелестерінен ерекшеліктерін көрсетугетырысып жатыр.