Әкімшілік сот ісін жүргізуде сот актілерінорындауға жолдау ерекшеліктері

Әкімшілік әділет жүйесі азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешудің тиімді құралы болып табылады. Бұлжүйеде сот шешімінің заңды әрі уақтылыорындалуы құқық үстемдігін қамтамасыз етудіңмаңызды шарты саналады.

Әкімшілік сот актісі – соттың әкімшілік іс бойынша қабылдаған шешімі, ұйғарымы немесе қаулысы. Ол заңды күшіне енген соң міндетті түрде орындалуға тиіс (ҚР ӘРПК 290-бап).

Сот актілерін орындауға жолдау тәртібі ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 292–296 баптарымен реттеледі. Сот шешімі заңды күшінеенгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде сот орындаушысына жіберіледі. Орындау құжатыретінде атқару парағы беріледі, ол мемлекеттікнемесе жеке сот орындаушысына жолданады.

Әкімшілік істердің ерекшелігі – борышкер ретінде көбінесе мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға әрекет етеді. Мұндай жағдайдасот орындаушысы шешімнің орындалуын тікелейсол органнан талап етеді. Сонымен қатар, әкімшіліксот орындалу барысын өз бастамасымен бақылауғақұқылы.

Кейбір сот актілері дереу орындалуға жатады (мысалы, азаматты жұмысқа қайта алу, заңсыз айыппұлды жою және т.б.). Егер сот актісі уақтылы орындалмаса, кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

Әкімшілік сот актілерін орындауға жолдау – азаматтардың құқықтарын нақты қорғауды қамтамасыз ететін маңызды процессуалдық кезең. Бұл бағытта соттардың, сот орындаушыларыныңжәне мемлекеттік органдардың үйлесімді әрекетіәкімшілік әділеттің тиімділігін арттыруға ықпалетеді.

Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің бас маман сот отырысының хатшысы Г.Сариева

Leave A Reply

Your email address will not be published.