Тіл – халықтың рухани қазынасы, ұлттық болмысы мен мәдениетінің айнасы. Әрбір елдіңтәуелсіздігі оның мемлекеттік тілінің мәртебесіменөлшенеді. Сондықтан Қазақстан үшін қазақ тілініңмемлекеттік тіл ретіндегі рөлі — елдің тұтастығымен бірлігінің басты кепілі.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 7-бабында: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі»деп айқын жазылған. Бұл бап қазақ тілінің ел өміріндегі мәртебесін заң жүзінде бекітіп қанақоймай, оны қоғамдық қатынастардың барлықсаласында қолдануға жол ашады.
Қазақ тілін дамыту – тек тіл мамандарыныңемес, барша азаматтың парызы. Тіл – ұлттыңжүрегі, ол ұлтты біріктіреді, рухани байланысорнатады. Мемлекеттік тілдің кең қолданыс табуыел азаматтарының бір мақсатқа, бір мүддегежұмылуына мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда тіл саясатының басты бағыты – қазақ тілін қоғамдық өмірдің барлық саласындақолданысқа енгізу және оның беделін арттыру. Мемлекеттік бағдарламалар мен цифрлықресурстар қазақ тілін үйренуге жаңа мүмкіндіктертуғызуда. Әсіресе жастардың мемлекеттік тілгедеген қызығушылығын арттыру ел болашағы үшінмаңызды.
Мемлекеттік тіл – тәуелсіз мемлекеттің тірегі, ел бірлігінің өзегі. Қазақ тілінің дамуы – Қазақстанхалқының рухани жаңғыруының кепілі. Сондықтанәр азамат мемлекеттік тілді құрметтеп, оны меңгеруге және күнделікті өмірде қолдануғаміндетті. Тілге құрмет – елге құрмет.
Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісініңбасшысы С.Ж.Тулеубаев