Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру мәселелері

Соңғы жылдары азаматтардан жеке тұрғын үй салу мақсатында жер учаскесін алу туралы өтініштердің көбеюі бұл мәселенің өзектілігін арттырып отыр. Судья ретінде менің тәжірибемдеде осы бағыттағы даулардың жиі кездесетінібайқалады. Бұл даулардың басым бөлігі жеручаскелерін бөлу кезінде жергілікті атқарушыоргандардың шешімдеріне немесе әрекеттеріне(әрекетсіздігіне) байланысты туындайды.

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің44-бабының 7-тармағына сәйкес, жеке тұрғын үйқұрылысына арналған жер учаскелері азаматтарғажергілікті атқарушы органдардың шешімімен, кезек тәртібі арқылы беріледі. Сонымен қатар, «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерінберу қағидалары» (ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 1 тамыздағы № 726 қаулысымен бекітілген) осы процестің нақты тәртібін белгілейді.

Алайда сот тәжірибесі көрсеткендей, аталған нормаларды қолдануда бірқатар қиындықтар туындайды.

Біріншіден, жер қорларының шектеулілігісебепті азаматтардың өтініштері ұзақ жылдар бойы кезекте тұрып қалады.

Екіншіден, кей жағдайларда әкімдіктер жер телімдерін бөлу кезінде айқындық пен ашықтық қағидаттарын сақтамайды.

Үшіншіден, кейбір азаматтар өз өтініштерінің қаралмауына немесе заңсыз бас тартуға байланысты сотқа жүгінуге мәжбүр болады.

Әкімшілік соттар мұндай істерді қараған кезде, ең алдымен, жергілікті органның шешімінің заңдылығы мен негізділігін бағалайды. Егер шешім қабылдау кезінде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің 10-бабында көрсетілген әділдік, ашықтық, адалдық қағидаттары сақталмаса, сот ондай шешімдерді жарамсыз деп таниды.

Сонымен қатар, соттар азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесін алу құқығын жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдардың әрекетсіздігіне қатысты да істерді жиі қарайды. Мұндай істерде сот жергілікті атқарушы органды өтінішті қарау жөніндегі нақты әрекеттерді жасауға міндеттейді.

Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін беру мәселесі – азаматтардың әлеуметтік және конституциялық құқықтарын жүзеге асырудың маңызды бөлігі. Бұл салада заң нормаларын біріздіқолдану, жер ресурстарын тиімді пайдалану жәнешешім қабылдаудағы ашықтықты қамтамасыз етуәкімшілік әділеттің басты міндеттерінің бірі.
Соттардың бұл бағыттағы қызметі азаматтардыңқұқықтарын қорғауға, мемлекеттік органдардыңжауапкершілігін арттыруға және құқық үстемдігіннығайтуға бағытталған.

Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.А.Саулембекова

Leave A Reply

Your email address will not be published.