Жуырда ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ҚР ІІМ еңбегі сіңген қызметкер, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы, Жамбыл облысының Құрметті ардагері Сәпілмәлік Тәжиев Астана қаласында өткен “Қоғам қайраткері” атты республикалық байқауға қатысып, Тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлес қосып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, жас полицейлерге тәлімгерлік кеңес-жол көрсетіп, білім ошақтарында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларға белсенді атсалысқаны үшін жеңімпаз атанды.

Жеңімпазға «Қазмедиа орталығында» өткен салтанатты рәсімде арнайы статуетка, төсбелгі және І дәрежелі диплом табыс етілді.


Айта кетейік, Сәпілмәлік Абдоллаұлының еліміздің дамуына қосып жүрген үлесі, жеткен жетістіктері жас буынға үлгі өнеге.