ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНЫ

Тіл – ұлттың айбыны, рухының тірегі, мемлекетінің ең басты белгісі. Әрбір халықтыңтарихы, дүниетанымы, мәдениеті, тіпті тағдырыоның тілінде сақталатыныдәлелдеуді қажететпейтін ақиқат. Сондықтан да тілтәуелсіздіктіңмәңгілік нышаны, ұлттық болмыстың айнасы.

Қазақ елі үшін тіл мәселесі – елдік пен еркіндіктің өлшемі. Тарих беттеріне көз жүгіртсек, халқымыз небір қиын кезеңдерде де өз тілінжоғалтпай, оны ұрпақтан-ұрпаққа аманаттапжеткізген. Сол аманаттың арқасында бүгін біз өзмемлекетімізде, өз жерімізде, өз тілімізде сөйлеп, тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосып отырмыз.

Тәуелсіздік жылдары қазақ тілінің мәртебесін көтеруге бағытталған көптеген жұмыстар жүзеге асуда. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясынкеңейту, оны қоғам өмірінің барлық саласындаорнықтырубұл тек мемлекеттің емес, әрбіразаматтың ортақ міндеті. Заң саласында, соныңішінде әкімшілік соттар жүйесінде де мемлекеттіктілдің қолданылуы ерекше маңызға ие. Себебіқұқықтық мәдениетті қалыптастырудың өзі тіларқылы жүзеге асады.

Қызметтік міндеттерді атқара отырып, бізмемлекеттік тілді құрметтеуді, оның талапқа сайдұрыс қолданылуын қамтамасыз етуді негізгіқағидалардың бірі деп білеміз. Тілге деген құрметмемлекетке деген құрмет, ал мемлекеттік тілдіңсалтанат құруыелдігіміздің көрінісі. Әрбірқызметкер, әрбір азамат тіл мәдениетін көтеруге өзүлесін қосса, қазақ тілі шын мәнінде қоғамныңтолыққанды тіліне айнала түсетіні сөзсіз.

Жаһандану дәуірінде тілдің қадірін арттыру, оның мәртебесін сақтау – ұлт болашағы үшін маңызды. Өйткені тіл әлсіресе, рух та әлсірейді. Ал рухы мықты халық қана алға қадам баса алады, тәуелсіздігін баянды ете алады.

Қорытындылай келе, қазақ тілі – тек қатынас құралы емес, тәуелсіздігіміздің айғағы, елдігіміздің тұғыры. Оны қастерлеу, дамыту және қорғауәрқайсымыздың парызымыз. Тіліміз төрден түспей, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің бас маман Е.Е.Қыдырәлі

Leave A Reply

Your email address will not be published.