Жамбыл ауданы бойынша коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатында 1 мониторингтік және 2 шұғыл жұмысшы топ мүшелері құрылған.
Ал ауданға қарасты 17 ауылдық округте 17 шұғыл топ мүшелері індет алғаш қылаң берген сәттен бастап, дүкен, сауда орталықтарына, халық көп шоғырланған орындарға барып, арақашықтықты сақтау, бетперде режимін бұзбау, бағаны негізсіз өсірмеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
Сондай-ақ екпе егу жұмыстары туралы тұрғындарды сапалы ақпаратпен қамту, кеңінен насихаттау жұмыстарына да аталған топ мүшелері жұмылдырылуда.
Ал ауданға қарасты 31 мешітте күніне екі мәрте дыбыс ұлғайтқыштың көмегімен індет талаптарын сақтау және екпе егу шараларының маңызы туралы айтылуда.
Сонымен қатар аудандық полиция бөліміне қарасты 17 ауылдық округтің учаскелік полиция инспекторы ауыл-аймақтарда дауыс жоғарылатқыштың көмегімен коронавирус инфекциясын алдын алу әрекеттері хабарлануда.
Апта аралығында Жамбыл ауылдық округінің әкімі мен аппараты қызметкерлері, Шайқорық ауылдық амбулаториясы дәрігерлері округке қарасты Шайқорық ауылында екпе алмаған тұрғындар арасында екпе егу (вакцина) бойынша қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ал тұрғындар өтініші бойынша дәрігерлер жасы шау тартқан қариялардың үйіне арнайы барып, вакцина егілуде.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі