Екпені ұрпақ болашағы үшін ектіріңіз

Кеше аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараевтың төраға­лы­ғымен «Pfizer» вакцинасының тиімділігін түсіндіру мақсатында кеңес отырысы өтті.
Аудан әкімдігінің бөлім, мекеме-ұйым басшылары қатысқан жиында аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Нұрлан Кезембаев, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ғабит Әбділда сөз алып, екпе 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге, 16-37 апталық жүкті әйелдерге және 42 күннен асқан бала күтіміндегі аналарға салынатынын жеткізді.
Осы уақытқа дейін өңірге «Pfizer» вакцинасының 30 дозасы жеткізілген. Бірер күнде аталған вакцинаның 90 дозасы жеткізілетін болады.
Жиында Олжас Елебекұлы екпенің ана мен бала қауіпсіздігі үшін жүргізіліп жатқанын айтып, маңызды шарада белсенділік танытуға шақырды.

Ақжігіт ЖЕТПІСБАЙ

Leave A Reply

Your email address will not be published.