Дүйсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбеков жылыту маусымы бойынша штаб мүшелерімен жиын өткізді.
Басқосуда жауапты науқанның өту барысы, әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ету, 2021-2022 жылдары жылыту маусымын өткізу кезінде туындайтын өзекті проблемаларды алдын ала шешу туралы мәселелер қаралып, жан-жақты талқыланды. Жылыту маусымына жауапты «Аса-су» ШЖҚ КМК-нің, аудандық газ желілерінің жылыту маусымын өткізу барысы назардан тыс қалмады.
Штаб отырысын қорытындылаған Нұрлан Күдербайұлы жауаптыларға күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірқатар тапсырма беріп, жылыту маусымы кезінде салғырттыққа, немқұрайлылыққа жол беруге болмайтынын, науқанға жауапкершілікпен қарау керектігін жеткізді.
Ильяс Қалыбеков