Еңбек еткеннің еңсесі биік

Жуырда «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының кеңсесінде келелі кездесу өтті.

Басқосуда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқарма­сының бас маманы Саят Төлепбергенов республикалық «Үздік ауыл әкімі» конкурсының жүлдегері, Полатқосшы ауыл­дық округінің әкімі Ержан Данаевты құттықтады. Әкімді адал еңбегі мен қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін қоғамдық бірлестіктің Құрмет грамотасымен марапаттап, кәсіподақ атынан «Сарыағаш» шипа­жайына жолдаманы сыйға тартты.
Жиында ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы Дильдар Тойбековаға да құрмет көрсетілді.
Жылы лебіздер легін жалғаған «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғам­дық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиа­лының төрағасы Ерлан Сарөзенов, оның орынбасары Клавдия Сапожникова, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов округ әкіміне ізгі тілектерін айтып, жұмысына табыс, жанұясына бақ-береке тіледі.

Ильяс Қалыбеков

Leave A Reply

Your email address will not be published.