Кеше «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың хатшысы Райымбек Сейітовтің қатысуымен партия аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының кеңейтілген отырысы өтті.
Партия аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Рүстем Қасымов ашып, жүргізген отырыста аудан әкімінің орынбасарлары Ерлан Қыдыралыұлы мен Олжас Баққараев партияның 2021-2025 жылдарға арналған «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудандық Жол картасының орындалу барысы туралы хабарлама жасады. Бұдан кейін фракция мүшелері Индира Тоғанбаева мен Дәурен Ахметжаевтың депутаттық міндеттерін атқару бойынша есептері тыңдалды.
Сонымен қатар күн тәртібіне енгізілген мәселе – «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысындағы Елбасы – партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидатынан туындайтын міндеттер және депутаттардың рейтингісін қалыптастыру» туралы Рүстем Қалмұхамбетұлы белгіленген кестеге сәйкес аудандық мәслихат депутаттары ауылдық округтерде тұрғындармен, оның ішінде жастармен, кәсіпкерлермен, ауыл қарияларымен кездесулер өткізу керектігін хабарлады.
Фракция отырысында «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы туралы аудандық, облыстық газет беттерінде жариялану керектігін, бөлініске сәйкес бекітілген «Жол картасының» орындалуын қатаң бақылауға алу туралы шешімдер қабылданды.
Мақсат ЖҰМАБАЕВ