Қазақстанда 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға қатысушылардың тізімі қалыптастырылды

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, ел бойынша 12 461 796 азамат дауыс берушілер тізіміне енгізілген.

Қатысушылардың тізімдерін қалыптастыру «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңның 25-бабына және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 24-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Тізімдерді азаматтардың тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы органдар жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер базасының негізінде жасайды.

#референдум2026

#ЖаңаКонституцияҮшін

#ЗАновуюКонституцию

#АтаЗаң

#15наурыз

#АтаЗаңдыҚолда

Leave A Reply

Your email address will not be published.