Сәтбаев қаласында Абай атындағы №4 мектеп-лицейінде «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің оқу орнының еңбек ұжымымен кездесуі өтті
Делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастап барды. Кездесуге сондай-ақ Мәжіліс депутаты, заңгерлік және сарапшылық қауымдастық өкілдері қатысты. Талқылау барысында жаңа Конституция жобасының білім беру ортасына, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге және адами капиталды дамытуға тікелей қатысты нормаларына ерекше назар аударылды.