Бүгін Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысы аудан әкімі Сәкен Арубаевтың төрағалығымен өтті.
Жиында хабарлама жасаған аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов өңірдегі 31 мешітте 15 имамның жоғары діни ілімі бар болса, 16-сы орта, 9 арнайы крустардан өткенін атап өтті.
Жиында ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуы және ауданындағы діни ахуалы талқыланды.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі