Өңір басшысы имамдарды Алғыс хатымен марапаттады

 

Бүгін Жамбыл ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңес отырысы аудан әкімі Сәкен Арубаевтың төрағалығымен өтті.
Жиында ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуы туралы аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов баяндама жасаса, Жамбыл ауданындағы діни ахуал туралы ауданның бас имамы Ғайырфулла Әмірбеков хабарлама берді.
Баяндамашылар, өңірдегі ахуалды тілге тиек етіп, назарды аудару қажет ететін мәселелерді көтерді.
Жалпы өңірдегі 15 имамның жоғары діни ілімі бар болса, 16-сы орта, 9 арнайы крустардан өткен. Ал мешіт саны 31-ге жетіп отыр.
Хабарламашылардың баяндамасынан кейін өңір басшысы Сәкен Қаланұлы тиісті мамандарға тапсырмалар жүктеді. Кеңес соңында аудан басшысы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудан имамдарын Алғыс хатымен марапаттады

Leave A Reply

Your email address will not be published.