Сапарының соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Сұлтан» каналының жай-күйін көрді. Еске салар болсақ, өткен жылдың 25-нші желтоқсанында «Сұлтан» каналына су жіберу салдарынан көпір құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға кезінде ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары және учаскелік полиция инспекторларының кезекшілігі атқарылды.
– «Сұлтан» каналы арқылы су өткізу көпірі 1982 жылы салынған. Көпір арқылы Тоғызтарау ауылдық округіне қарасты Жаңаөткел ауылына (75 аула – 265 адам) күніне шамамен 10-12 автокөлік қатынайды. Бұл канал Талас ауданында орналасқан «Ақкөл» су қоймасына экологиялық суды жеткізуге арналған. Ұзындығы 8 шақырым, ені 5,5 метр, тереңдігі 3 метр, жобалық су өткізу мүмкіндігі 450 л/к. 2021 жылы 10,7 млн. теңгеге «Талас-Аса» КМК механикалық отрядтың күшімен тазалау жұмыстары жүргізілді. Ал, Тоғызтарау – Жаңөткел ауыларалық аудандық мәндегі жолға 2020 жылы орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аталған су өткізу көпіріне жөңдеу жұмыстарын жүргізу үшін 8,3 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2022 жылы жөңдеуге жоспарланып отыр. Қазіргі таңда ауыл тұрғандары сол маңдағы уақытша айналма көпір арқылы кедергісіз басқа елді мекендерге қатынауда, — дейді аудан әкімі Сәкен Арубаев.
Аймақ басшысы көпірді қайта қалпына келтіру жұмыстары жеделдетіп реттеуді тапсырды
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі