Жаңа Конституцияда айқындалған қағидаттарды күнделікті жұмысымыздың басты өлшеміне айналдыру – негізгі міндетіміз – Қарашөкеев

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен әкімдік мәжілісінде 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының қорытындылары шығарылып, алдағы жылыту кезеңіне дайындық жұмыстарының барысы қаралды.

Жиынды ашқан өңір басшысы қатысушыларды еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға – жаңа Конституцияның заңды күшіне енуімен құттықтады.

 – Жаңа Конституция еліміздің жаңа даму кезеңінің негізін қалап, мемлекеттілігіміздің келешек бағытын айқындайтын тарихи құжат. Ол ұлттық құқықтық жүйенің сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілгенін білдіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Конституция аясында елдің алдағы даму бағытын айқындайтын бес стратегиялық басымдықты белгіледі. Бұл бағыттардың әрқайсысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен тікелей сабақтас. Сондықтан Конституцияда айқындалған қағидаттар өңірлік саясаттың негізгі өзегіне айналуы тиіс. Жаңа Конституция бізге тек құқықтар ғана емес, ең алдымен зор жауапкершілік жүктейді.  Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Адал азамат» жалпыұлттық бастамалары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл бастамалар Конституцияда бекітілген қағидаттардың нақты өмірдегі көрінісі болуы қажет.Әрбір басқарма басшысы, аудан әкімі және мемлекеттік орган жетекшісі заң талаптарының бұлжытпай орындалуын, мемлекеттік шешімдердің ашықтығын, халық алдындағы есептілікті және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қамтамасыз етуге міндетті. Инвестор мен кәсіпкер үшін ең маңыздысы – тұрақты құқықтық орта болса, қарапайым тұрғын үшін заңның үстемдігі, әлеуметтік әділеттілік және мемлекеттің нақты қолдауы басты құндылық болып қала береді. Біздің міндетіміз – Конституцияда белгіленген қағидаттарды күнделікті жұмысымыздың басты өлшеміне айналдыру. Әрбір қабылданатын шешім заңға негізделуі тиіс. Ел Президенті айқындаған реформаларды сапалы іске асырып, жаңа Конституция қағидаттарын өңірде нақты нәтижелер арқылы жүзеге асыру жолында бірлесе еңбек етеміз деп сенемін, – деді облыс әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.