Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдегі цифрландыру саласының қазіргі жағдайы, жүзеге асырылып жатқан жобалар және алдағы міндеттер талқыланды
Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Кеңесте цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Шалқар Амантұров баяндама жасап, өңірдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту, жасанды интеллект технологияларын енгізу, мемлекеттік қызметшілердің цифрлық құзыреттерін арттыру және деректерге негізделген басқару жүйесін қалыптастыру бағыттарындағы жұмыстардың нәтижелерін таныстырды.
Өңірде мемлекеттік қызметшілердің цифрлық сауаттылығы мен заманауи технологияларды қолдану дағдыларын арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Zhambyl Hub базасында «Жасанды интеллект мемлекеттік қызметте» практикумы өткізіліп, мемлекеттік қызметшілерге арналған цифрлық құзыреттерді дамыту семинарлары ұйымдастырылды. Бұған дейін облыстың 3 мыңнан астам мемлекеттік қызметшісі «AI-Qyzmet» онлайн курсын аяқтаған.