Жамбыл облысында соңғы бес жылда (2021–2026 жылдар) денсаулық сақтау саласын жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Осы кезеңде облыс бойынша 60-тан астам жаңа медициналық нысан салынып, күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Жобалар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында және республикалық әрі жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылды.
2023–2024 жылдары ауылдық елді мекендерде жоспарланған 30 медициналық нысанның 29-ы толық аяқталып, тиісті лицензиясын алды. Олардың қатарында дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және медициналық пункттер бар. Бұл мақсатқа 5,6 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды.