БЕСАҒАШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ АМАЛОВ ЕРБОЛАТ ІЛЕСБЕКҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Амалов Ерболат Ілесбекұлы, 1979 жылы 21 қыркүйектеЖамбыл ауданы, Өрнек ауылында дүниеге келдім. Ұлтымқазақ, білімімжоғары.

1998 жылы Шымкент есеп-сауда колледжін «Бухгалтер-аудитор», 2005 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Экономист» мамандықтары бойынша бітірдім.

Еңбек жолымды 1998 жылы «Зейнетақы төлеу жөніндегімемлекеттік орталықтың» Жамбыл аудандық бөлімінде маманболып бастадым. 2005-2024 жылдары «Зейнетақы төлеужөніндегі мемлекеттік орталықтың» Жамбыл аудандықбөлімінің жетекші маманы, бас маманы; «Зейнетақы төлеужөніндегі мемлекеттік орталықтың» Жамбыл облыстықфилиалы ұйымдастыру бөлімінің басшысы, «Зейнетақы төлеужөніндегі мемлекеттік орталықтың» Жамбыл аудандықбөлімінің бас маманы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойыншафилиалының Жамбыл аудандық әлеуметтік қамсыздандырубөлімінің басшысы қызметтерін абыроймен атқардым. 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін «Азаматтарғаарналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы Жамбыл аудандық бөлімібасшысының орынбасары қызметін атқарып келемін.

Отбасымда 4 бала өсіріп, тәрбиелеудемін.

ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРГЕ МӘН БЕРЕМІН

Құрметті сайлаушылар!

Егер мені қолдап, ауыл әкімі ретінде сайласаңыздар, онда алдағы төрт жылда:

– ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту;

– ауыл тұрғындарының сапалы медициналық қызмет алуына жан-жақты қолдау көрсету;

– елді мекеннің тазалығын тұрақты қамтамасыз етіп, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу;

– ауылішілік көшелерге түнгі жарықтандыру жұмыстарын жүргізу;

– ірі кәсіпкерлер мен инвесторларды тарта отырып, жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздық деңгейін төмендету және ауыл жастарын тұрақты жұмыспен қамтуға ықпал ету;

– ауылдық округ аумағындағы ескірген электр бағаналарын кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстарын үйлестіру;

– шаруалардың су үнемдеу технологияларын енгізуіне қолдау көрсету;

– мемлекеттік бағдарламалар арқылы төмен пайыздық несие алып, кәсіп ашуға және отбасылық бизнесті дамытуға ауыл тұрғындарына жан-жақты көмек көрсету;

– жаңа тұрғын үй алқаптарын газ және электр желілерімен қамтамасыз ету жұмыстарын аяқтау;

– ауылдық округте заманауи спорт кешенін, жастарға арналған демалыс саябақтарын және балалар ойын алаңдарын салу бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыруды қолға аламын.

Маған дауыс берсеңіздер, сенімдеріңізді ақтаймын.

Тапсырыс беруші: Бесағаш ауылдық округі әкіміне кандидатАмалов Е.І.

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қаражаты есебінен төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.