БЕСАҒАШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ АНАРБАЙ ТҰРСЫНХАН СЕРІКХАНҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Анарбай Тұрсынхан Серікханұлы, 1997 жылдың 22 қаңтарында Жамбыл ауданы, Шайдана ауылында дүниегекелдім. Ұлтымқазақ, білімімжоғары.

2018 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлықуниверситетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтадым.

Еңбек жолымды 2018 жылдың қазан айында ауданәкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінде «Жастартәжірибесі» бағдарламасы бойынша әдіскер болып бастадым. 2019-2025 жылдары аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіпбөлімінің іс жүргізушісі, аудан әкімдігі мәдениет және тілдердідамыту бөлімінің бас маманы, аудан әкімі аппаратыныңұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспекторы, қаржы-шаруашылық бөлімшесінің басшысықызметтерін абыроймен атқардым. 2025 жылдың шілдеайынан бастап бүгінгі күнге дейін аудан әкімі аппаратыныңұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспекторы қызметін атқарып келемін.

Отбасымда 2 ұл, 1 қыз тәрбиелеп, өсірудемін.

ЕЛДІ МЕКЕНДІ КӨРКЕЙТУ – БАСТЫ МАҚСАТЫМ

Құрметті сайлаушылар!

Бесағаш ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде өз сайлаушыларыма төмендегідей бағдарламамды ұсынып, оның орындалуына ықпал жасауға барлық күш-жігерімді жұмсаймын деп сендіремін.

«Істің өзін емес, көзін тапқан ұтады» демекші, мені округ əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы төрт жылда:

– ауылдық округтің әлеуметтік-экономикасын дамыту, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту;

– елді мекеннің тазалық, көгалдандыру және аббатандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу;

ауылдық округке ірі кәсіп­керлер мен инвесторларды тартаотырып, жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздық деңгейін азайту;

ауылішілік көшелерге ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу;

ескірген электр бағаналарын ауыстыру жұмыстарын үйлестіру;

шаруалардың су үнемдеу технологиясын іске асыруына ықпалету;

– 2030 жылға дейін ауылдық округ аумағын абаттандыру жәнеауылдың көркеюіне бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру;

жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін толықтыруды ұлғайту, бюджеттік және төлем тәртібін қатаң сақтау жөніндегі жұмыстардыжүргізуге үлесімді қосатын боламын!

Құрметті ауыл тұрғындары!

Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге бірге жетугеатсалысуға, маған үміт арта отырып дауыс беруге шақырамын.

Бәрімізге ортақ мақсатауылымызды көркейту, тұрмысымыздыжақсарту, болашағымызды нық ету. Бұл жолда әрқайсыңыздыңқолдауыңыз, дауысыңыз маңызды.

Сіздердің қолдауларыңызбен Бесағаш ауылдық округінің дамуыжолында адал еңбек етуге дайынмын!

Тапсырыс беруші: Бесағаш ауылдық округі әкіміне кандидатАнарбай Т.С.

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қаражатыесебінен төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.