ҚЫЗЫЛҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ МҰСАХАНОВ БЕКЕЖАН БАЗАРБАЙҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Мұсаханов Бекежан Базарбайұлы, 1978 жылы 2 наурызда Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылында дүниегекелдім. Ұлтымқазақ, білімімжоғары.

2005 жылы Тараз институтын «Тарих, құқық жәнеэкономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдадым.

Еңбек жолымды 2000 жылы Жасөркен ауылындағы М.Әуезоватындағы орта мектепте тарих және құқық пәнінің мұғаліміболып бастадым. 2010-2024 жылдары Қызылқайнар ауылдықокругі әкімі аппаратының бас маман-іс жүргізуші, келісімшартнегізінде операторы, бас маман-іс жүргізуші қызметтерінабыроймен атқардым. 2024 жылдың 1 қазанынан бастапбүгінгі күнге дейін Қызылқайнар ауылдық округі әкімініңорынбасары қызметін атқарып келемін.

Отбасымда 2 ұл, 3 қыз өсіріп, тәрбиелеудемін.

ЖЕРГІЛІКТІ ЖҰРТТЫҢ ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРЕМІН

Мен, Қызылқайнар ауылдық округінде туып-өстім. Еңбек жолымды өз ауылымнан бастадым. Ауылдың тыныс-тіршілігі, жай-күйімен, ауқымды және ұсақ-түйек мәселелерімен етене таныспын. Сол үшін де менің сайлауалды бағдарламам ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге және дамытуға бағытталған.

Қызылқайнар ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде өз сайлаушыларыма төмендегідей сайлауалды бағдарламамды ұсынамын:

ауылдық округтің экономикасын дамыту, тұрғындардыңәлеуметтік тұрмыстық жағдайын жақсарту;

тазалық және абаттандыру жұмыстарын тұрақты жүргізу;

ауылішілік көшелерді түнгі жарықтандыру;

ауылдық округке ірі кәсіпкерлер мен инвесторларды тартаотырып, жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздық деңгейіназайту;

ауылішілік көшелерді ағымды жөндеу;

шаруалардың су үнемдеу технологиясын іске асыруынаықпал ету;

бюджеттен қаражаттың бөлінуіне ықпал ету;

жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін толықтыруға үлесімдіқосатын боламын.

Құрметті ауыл тұрғындары!

Бәрімізге ортақ мақсатауылымызды көркейту, тұрмысымызды жақсарту, болашағымызды нық ету. Бұлжолда әрқайсыңыздың қолдауыңыз, дауысыңыз маңызды.

Тапсырыс беруші: Қызылқайнар ауылдық округі әкімінекандидат Мұсаханов Б.Б.

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қаражатыесебінен төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.