ҚЫЗЫЛҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ ҚОЖАБЕКОВ БОЛАТ САТЫБАЛДЫҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Қожабеков Болат Сатыбалдыұлы, 1972 жылы 12 наурыздаЖамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қызылқайнар ауылында дүниегекелдім. Ұлтымқазақ. Білімімжоғары.

1991 жылы Шымкент медициналық училищесін «тіс технигі», 2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін«экономист», 2019 жылы Халықаралық гуманитарлық техникалықуниверситетін «құқық» мамандықтары бойынша тәмамдадым.

Еңбек жолымды 1991 жылы Жамбыл облыстық стоматологиялықемханасының тіс технигі болып бастадым.

2004-2025 жылдары Жамбыл облысы статистика басқармасыҚызылқайнар ауылдық округі бойынша маманның міндетінуақытша атқарушы, Жамбыл облысы статистика басқармасыҚызылқайнар ауылдық округі бойынша маманы, Жамбыл облысыстатистика басқармасы Жамбыл аудандық статистика бөлімініңжетекші маманы, Жамбыл облысы статистика департаментіЖамбыл аудандық статистика бөлімінің жетекші маманы, Жамбыл облысы статистика департаменті Жамбыл аудандық статистика басқармасының жетекші маманы, Жамбыл облысы статистика департаментінің жетекші маманы, Қызылқайнар ауылдық округіәкімінің орынбасары, Гродиково ауылдық округінің әкімі, Байзақауданы әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бас маманының міндетін атқарушы қызметтерін абыроймен атқардым.

Отбасымда 5 бала өсіріп, тәрбиелеудемін.

БАСТЫ МАҚСАТЫМ – АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ТҰРМЫС САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

Менің басты мақсатым – ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту, әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін беру, халықтың өзекті мәселелерін тиімді шешу және келешек ұрпақ үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру.

«Істің өзін емес, көзін тапқан ұтады» демекші, мені округ əкімі етіп сайласаңыздар, алдағы төрт жылда:

– Қызылқайнар ауылдық округінің ауылішілік көшелеріне 100 пайыз асфальт төсеуге;

– 2030 жылға дейін ауылдық округ аумағын абаттандыруға және ауылдың көркеюіне, жергілікті жерде шағын кәсіпкерліктің дамуына;

– ауыл тұрғындарының, оның ішінде ана мен баланың денсаулығы, яғни, ауылдағы медициналық және малдәрігерлік қызметтер сапасының артуына;

– Қызылқайнар ауылдық округінің ауылішілік көшелеріне толық түнгі жарық орнатуға;

– Қызылқайнар ауылдық округіне қарасты ауылдарда балалар ойын алаңдарын, спорттық және демалыс орындарын көбейтуге;

– шаруа қожалықтарына мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген несиелерге қол жеткізуге көмектесуге;

– мал және егін шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай жасауға;

– жастарды жұмыспен қамтуға және кәсіпкерлікке тартуға қолдау көрсетуге;

– тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын ашық әрі әділ қарастыруға;

– ауыл мәселелерін халықпен бірлесе отырып шешуге;

жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін толықтыруды ұлғайту, бюджеттік және төлем тәртібін қатаң сақтау жөніндегі жұмыстардыжүргізуге үлесімді қосамын.

Тапсырыс беруші: Қызылқайнар ауылдық округі әкіміне кандидат Қожабеков Б.С.

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қаражаты есебінен төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.