Мен, Нигматуллаев Бейбіт Сұңғатұлы, Жамбыл ауданы, Бесжылдық ауылында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ, білімім – жоғары.
Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік және басқару қызметінде еңбекетіп, әр кезеңде адамдардың сенімі мен аманатына адал болудыбасты ұстаным еттім. Қызмет барысында тек міндет атқару емес, тұрғындардың ұсынысын тыңдап, мәселенің мәнін түсініп, нақтынәтиже көрсету маңызды екенін ұғындым.
Бесағаш ауылдық округінде қызмет атқарған жылдары ауылдыңтыныс-тіршілігімен етене таныстым. Тұрғындардың күнделіктімәселелері, ауылдың әлеуеті мен болашағы мен үшін әрқашанмаңызды болды.
Мен ауылдың дамуы үлкен сөзбен емес, нақты іспен, жүйеліжұмыспен және халықпен бірлескен әрекет арқылы жүзегеасатынына сенемін.
Бүгін сіздердің алдарыңызға тәжірибеме, жауапкершілігіме жәнеауылымызға деген жанашыр көзқарасыма сүйене отырып келіпотырмын.
Басты мақсатым – ауылымыздың тұрақты дамуына серпінберу, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту жәнехалықпен ашық әрі нәтижелі жұмыс жүргізу.
ХАЛЫҚ СЕНІМІ – ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК
Құрметті сайлаушылар!
Егер мені қолдап, дауыс берсеңіздер, сіздердің сенімдеріңізді ақтаймын деп уәде беремін. Алдағы уақытта төмендегі мәселелердің орындалуына күш жұмсаймын:
– «Арал» саяжайын елді мекен деп танып, инфрақұрылымын көтеруге;
– дренаж жүйелерін тазартуға;
– ауылдың бас жоспарына сәйкес жер учаскелерінің кезекте тұрған тұрғындарға кезең-кезеңімен берілуіне атсалысуға;
– ауылдық округтің инфрақұрылымын одан әрі дамытуға (жарықтандырылмаған көшелерге жарықшамдар орнату);
– мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану арқылы ауыл тұрғындарының кәсіп ашуына қолдау көрсетуге;
– ауылдық округ жастарын патриоттық рухта тәрбиелеу, діни көзқарастарына дұрыс бағыт-бағдар беру, теріс ағымдар мен нашақорлыққа салынбауына және мектепте білім алу сапасына ерекше көңіл бөлуге;
– қоғамдық тәртіптің сақталуына және сыбайлас жемқорлықпен күресуде қай салада болмасын жемқорлық әрекеттерге жол бермей, ұрлыққа қарсы құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмысты күшейтуге;
– ардагерлер мен қарттарға, аз қамтылған отбасыларға жағдай жасау, олардың арыз-шағымдарын бақылауға алып, тиісті органдармен әділ шешілуін қадағалау және дәрігерлік қызмет көрсету сапасын арттыруға;
– қоғамның тыныштығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында аудан басшылығы, ауыл ақсақалдарының ой-пікірлерімен санасып, тиянақты түрде тиісті органдармен бірлесе шешім қабылдауға;
– мектеп, амбулатория, мәдениет үйі және басқа әлеуметтік нысандардың материалдық базасын нығайтуға күш саламын.
Құрметті ауыл тұрғындары!
Ауылымыздың баянды болашағы – ортақ мақсат пен бірлескен еңбектің нәтижесі. Сондықтан сіздерді ел игілігі жолында бірге жұмыс істеуге шақырамын.
Сенім – үлкен жауапкершілік. Сол сенімді адал еңбекпен және нақты нәтижемен ақтауға дайынмын.
Бірлік пен нақты іске сүйене отырып, ауылымыздың дамуына біргеүлес қосайық!
Тапсырыс беруші: Бесағаш ауылдық округі әкіміне кандидатНигматуллаев Б.С.
Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қаражаты есебінен төленді.