ҚЫЗЫЛҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ ОМАРБЕК ДАРХАН АСҚАРҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Омарбек Дархан Асқарұлы, 1996 жылы 9 сәуірде Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келдім. Ұлтымқазақ, білімімжоғары.

2018 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойыншааяқтадым.

Еңбек жолымды 2018 жылы аудан әкімі аппаратыныңперсоналды басқару бөлімшесінде «Жастар тәжірибесі» бойыншабастадым. 2019-2025 жылдары аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлім­ше­сінің іс қағаздар жүргізушісі, аудан әкіміаппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің статисі, Қызылқайнар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы, Қаройауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, аудан әкімдігікәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы қызметтерінабыроймен атқардым. 2025 жылдың 10 қарашасынан бастапбүгінгі күнге дейін аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесіндегі аудан әкімінің бас инспекторы қызметін атқарып келемін.

Отбасымда 2 ұл, 1 қыз өсіріп, тәрбиелеудемін.

ЕЛДІҢ СЕНІМІ – МЕН ҮШІН ҮЛКЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК

Құрметті сайлаушылар!

Мен Қызылқайнар ауылдық округі әкімі аппаратында екі жылға жуық қызмет атқардым. Осы уақыт ішінде ауылдың тыныс-тіршілігімен, тұрғындардың мұң-мұқтажымен, өзекті мәселелерімен және даму әлеуетімен жан-жақты таныстым.

Сондықтан менің сайлауалды бағдарламам ауылымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және елді мекеннің тұрақты өркендеуіне бағытталған.

Егер сіздер маған сенім білдіріп, Қызылқайнар ауылдық округінің әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы төрт жылда төмендегі бағыттар бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге күш саламын:

– ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыруға;

– «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында елді мекеннің санитарлық тазалығын тұрақты қамтамасыз ету, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыруға;

– ауылішілік көшелерді кезең-кезеңімен түнгі жарықтандыруды үйлестіруге;

– инвесторлар мен кәсіпкерлерді тарта отырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге күш салуға;

– ауылдың негізгі көшелеріне жаяу жүргіншілер жолдарын салу мәселесін кезең-кезеңімен шешуге ықпал етуге;

– ескірген электр бағаналарын ауыстыру жұмыстарын тиісті мекемелермен бірлесіп үйлестіруге;

– Ақжар каналына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, егістік алқаптарды тұрақты сумен қамтамасыз етуге және Жасөркен ауылын су басу қаупінің алдын алуға арналған гидротехникалық құрылыстар салу жұмыстарын үйлестіруге;

– шаруашылықтардың су үнемдеу технологияларын енгізуіне қолдау көрсетуге;

– «Ауыл аманаты» жобасы аясында тұрғындардың 2,5 пайыздық жеңілдетілген микрокредиттер алуына жан-жақты ықпал етуге;

– заң талаптарына сәйкес игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын ұйымдастыруға;

– жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің кірісін арттыруға, бюджет қаражатының тиімді әрі ашық жұмсалуына және қаржылық тәртіптің сақталуына үлес қосуға;

– «Заң мен тәртіп» қағидатын берік ұстана отырып, әрбір шешімнің әділ әрі халық мүддесіне сай қабылдануына ықпал етемін.

Құрметті ауыл тұрғындары!

Мен әрбір тұрғынның пікірін тыңдап, халықпен ашық әрі әділ жұмысістеуді басты қағидатым деп білемін. Елдің сенімімен үшін үлкенжауапкершілік.

Тапсырыс беруші: Қызылқайнар ауылдық округі әкіміне кандидат Омарбек Д.А.

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қаражаты есебінен төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.