ҚЫЗЫЛҚАЙНАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТ СЫРЛЫБАЕВ АСҚАР БАҚЫТҰЛЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Сырлыбаев Асқар Бақытұлы, 1982 жылдың 15 ақпанындаЖамбыл ауданы, Құмтиын ауылында дүниеге келдім. Ұлтымқазақ, білімімжоғары.

2007 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарихжәне география» мамандығы бойынша бітірдім.

Еңбек жолымды 2003 жылы аудандық мәдениет үйінде үйірмежетекшісі болып бастап, кейінгі жылдары мәдениет саласында түрліжауапты қызметтер атқардым. «Зерде» бейнемобилінің меңгерушісі, мұражайдың қор сақтаушысы, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауинспекторы қызметтерін атқара жүріп, туған жердің тарихынтүгендеп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға өз үлесімді қостым.

2019 жылдан бері Жамбыл аудандық тарихи-өлкетану музейініңдиректоры қызметін атқарып келемін. Осы жылдар ішінде музей жұмысын жаңа деңгейге көтеріп, мәдени мұраны сақтау мен зерттеубағытында жүйелі жұмыстар атқарылды.

Отбасымда 4 бала өсіріп, тәрбиелеудемін.

ДАМЫҒАН АУЫЛ – БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН ЕЛ!

Ауылдық округтің тыныс-тіршілігімен, жай-күйімен, ауқымды және ұсақ-түйек мәселелерімен етене таныспын. Сол үшін де менің сайлауалды бағдарламам ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге және дамытуға бағытталған.

Өз сайлаушыларыма төмендегідей сайлауалды бағдарламамды ұсынамын:

– ауылдық округтің әлеуметтік-экономикасын дамыту, тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға;

– ауыл тұрғындарының жан-жақты медициналық және дәрігерлік қызметтер алуына ықпал етуге;

– елді мекеннің тазалық жұмыстарын тұрақты жүргізу, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізуге;

– округ аумағындағы ауылішілік көшелерін түнгі жарықтандыруға;

– ауылдық округке ірі кәсіпкерлер мен инвесторларды тарта отырып, жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздық деңгейін азайту, жаңадан ашылған жұмыс орындарына ауыл жастарын орналастыруға;

– ауылдық округ аумағындағы ескірген электр бағаналарын ауыстыру жұмыстарын, электр желілері мекемесімен жоспарлы жүргізуді үйлестіруге;

– шаруалардың су үнемдеу технологиясын іске асыруына ықпал етуге;

– ауылдық округ аумағындағы «Ақжар» каналының тұрақты, жүйелі жұмыс жасауына;

– мемлекеттен ауыл тұрғындарының кәсібін дамытуға төмендетілген несиелерді алып, кәсіп ашып, отбасылық бизнестерін дамытуға көмек көрсетуге;

– жаңа тұрғын үй алаңына газ және электр жүйелерін пайдалануға беру бойынша жұмыстар атқаруға;

– ауылдық округ аумағында спорт кешенін, жастарға демалыс саябақтарын, балаларға ойын-сауық орталықтарын салу бойынша жұмыстар жүргізуге үлесімді қосатын боламын.

Құрметті Қызылқайнар ауылдық округінің сайлаушылары!

Егер мені ауылдық округтің әкімі болуға лайықты деп санап, әкімдіккесайлаған жағдайда алдағы төрт жылда сіздердің сенімдеріңізді ақтап, округтің дамуы үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын.

Тапсырыс беруші: Қызылқайнар ауылдық округі әкіміне кандидат Сырлыбаев А.Б.

Жамбыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы қаражаты есебінен төленді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.