Жамбыл облысы еліміздің жетекші мал шаруашылығы дамыған өңірлерінің бірі саналады

Жамбыл облысы еліміздің жетекші мал шаруашылығы дамыған өңірлерінің бірі саналады. Бүгінде облыс шаруашылықтарында төрт миллионнан астам ірі және ұсақ мал өсіріліп, саланың ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлеміндегі үлесі 52 пайыздан асады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірде 490,3 мың бас ірі қара, 3 млн 467,1 мың қой-ешкі, 209,7 мың жылқы, 9,1 мың түйе және 2 млн 198 мыңнан астам құс тіркелген. Мемлекеттік қолдау шараларының нәтижесінде мал шаруашылығы тұрақты дамып келеді. Биыл ет өндірісі 2,4 пайызға, сүт өндірісі 1,6 пайызға артса, жалпы мал басы өткен жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға көбейген.

Өңірде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі таңда асыл тұқымды ірі қараның үлесі 12,1 пайызды немесе 52,1 мың басты құраса, асыл тұқымды қой саны 792,1 мың басқа жетіп, олардың үлесі 26,2 пайызға тең. Бұл бағытта 359 шаруа қожалығы асыл тұқымды қой өсірсе, 59 шаруашылық асыл тұқымды ірі қарамен айналысады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.