Жамбыл облысында суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыруға бағытталған ірі ирригациялық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда

Жамбыл облысында суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыруға бағытталған ірі ирригациялық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Өңір еліміздің оңтүстік аймақтарының бірі ретінде суармалы егіншілікке қолайлы табиғи жағдайымен ерекшеленеді. Климаттың жыл сайын құрғақшылыққа бейімделуі және трансшекаралық өзендердің суын тиімді пайдалану қажеттілігі су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуды күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналдырды.

Осы мақсатта Жамбыл ауданында орналасқан Бескемпір, Бошмойын және Талас–Аса магистральдық каналдарында күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жобаларды мердігер мекеме – «Реал Билдинг» ЖШС іске асыруда.

Соның ішінде «Бошмойын» каналы бойынша жүзеге асырылып жатқан жоба суармалы жерлерді толық пайдалануға мүмкіндік береді. Жоба аяқталғаннан кейін қосымша 1324 гектар жер айналымға енгізіліп, суармалы алқаптың жалпы көлемі 4809 гектардан асады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.