Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында химия өнеркәсібіндегі ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. Өңір басшысы Ербол Қарашөкеевпен бірге жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, салынып жатқан өндіріс орындарын аралады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа экономикалық модельге көшу бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыру үшін энергетикалық, инженерлік және көлік-логистикалық инфрақұрылымды кешенді түрде дамытуға ерекше назар аударылады. Бұл бағыт – Үкімет жұмысындағы басты бағыттардың бірі.
Жұмыс сапары еліміздегі химия өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарының бірі – «Қазфосфат» ЖШС-дан басталды. Кәсіпорын 2026 жылдың қаңтар-сәуір айларында 64,2 млрд теңгенің 246,1 мың тонна өнімін өндірген.