Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қытай Халық Республикасынан келген делегациямен кездесті. Делегацияны «Үш шатқал» электр энергетикасы кәсіптік колледжінің ректоры Чэн Мин бастап келді. Кездесуде тараптар су саласына кадр даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағытындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды baq-orda.kz Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
Кездесуде Тараз қаласында Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында бірлескен оқу орталығын, сондай-ақ Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің базасында білікті мамандарды даярлаудың толық циклін қамтамасыз ететін бірлескен оқу колледжін ашу мәселесі қаралды. Сондай-ақ Қытайдан оқытушыларды тарту мәселесі талқыланды.
Сонымен қатар тараптар қазақстандық су саласы мамандарының ҚХР-да біліктілігін арттыру бағдарламасын әзірлеу мүмкіндігін талқылады.