Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена»

Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде бокстан жастар мен жасөспірімдер (U-19 және U-23) арасындағы Азия чемпионатында жүлделі орындарға ие болған Жамбыл облысының спортшыларын салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Халықаралық додада ел мерейін үстем еткен былғары қолғап шеберлерін жаттықтырушылары, спорт ардагерлері, жанкүйерлер мен жақындары құттықтады, деп хабарлайды baq-orda.kz.

Құрлық біріншілігі Индонезияның Джакарта қаласында өтіп, Азияның 26 мемлекетінен келген 400-ден астам спортшының басын қосты. Бірнеше күнге созылған жарыста қатысушылар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, әр жекпе-жек тартысты әрі тартымды өтті.

Қазақстан ұлттық құрамасының сапында Жамбыл облысынан алты боксшы бақ сынады. Нәтижесінде өңір спортшылары ел қоржынына қомақты үлес қосты. Бибарыс Әшірбай қарсыластарынан басым түсіп, Азия чемпионы атанып, алтын медаль иеленді. Ал Бексұлтан Боранбек пен Ақжүрек Қалабай чемпионаттың күміс жүлдегерлері атанды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.