Жамбыл облысында Бас прокуратураның Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералының қатысуымен «Jibes Joly» арнайы экономикалық аймағында іске асырылған «Arrivo Industry» ЖШС-ның жаңа өндірістік кәсіпорнының ашылу рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне сілтеме жасап.
Жаңа кәсіпорын еліміздің құрылыс саласына арналған заманауи сэндвич-панельдер шығарады. Бұл жоба импортты алмастыруға және отандық өндірісті дамытуға ықпал етеді. Кәсіпорында 30 жаңа жұмыс орны ашылды.
Жұмыс сапары аясында Комитет төрағасы «Jibek Joly» арнайы экономикалық аймағының инвесторларымен кездесіп, инвестициялық жобаларды іске асыру және бизнес құқығын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады. Кездесуге Жамбыл облысының прокуроры Жандос Әбдібаев, Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков, мемлекеттік органдардың және бизнес қауымдастықтың өкілдері қатысты.