Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен кеңейтілген әкімдік мәжілісінде 2026 жылдың қаңтар-маусым айларындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен бюджеттің атқарылуы қаралып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Сандуғаш Абдралиеваның мәліметінше, бірінші жартыжылдықтың қорытындысында өңір экономикасы 14,2 пайызға өсіп, барлық негізгі салаларда оң динамика қалыптасты.
Атап айтқанда, өнеркәсіп өндірісі – 18,5 пайызға, ауыл шаруашылығы – 3,3 пайызға, құрылыс – 13,4 пайызға, сауда – 3,2 пайызға, көлік қызметі – 11,8 пайызға, байланыс саласы 4 пайызға артты. Сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59,6 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2,6 пайызға ұлғайды.