Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Медициналық қалдықтарды жою аса ұқыптылық пен жауапкершілікті талап етеді. Себебі қауіпті қалдықтарды жою талапқа сай жүргізілмесе, қоқыс жинаушылар, медицина қызметкерлері пациенттер және жалпы қоғам арасында инфекцияның таралуы нәтижесінде аурудың қайталана берілуіне зор қауіп төндіреді.
Залалсыздандырылмаған инъекциялық шприцтер мен инелер арқылы дұрыс кәдеге жаратылмаған (жануға бейім емес), дұрыс көмілмеу нәтижесінде бүкіл әлемде миллиондаған адамдар қауіпті ауруларды жұқтыруы мүмкін. Қалдықтарды дұрыс пайдаланбау көбінесе физикалық зақымға әкеледі: өткір қалдықтардан жарақаттану және денені кесіп алу. Жарақаттан басқа мұндай зақымданулар өте ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, өйткені В және С гепатиттері, АИТВ инфекциясы және т. б. сияқты қауіпті аурулардың қоздырғыштары тікелей қанға енуі мүмкін. Емдеу-алдын алу ұйымдарында медициналық қалдықтардың құрамында инфекция қоздырғыштары болуы мүмкін. Сонымен қатар, медициналық қалдықтарда улы және радиоактивті заттар болуы мүмкін, олар топыраққа, ауаға және суға түсіп, планетаның экологиясына үлкен зиян келтіреді.
Медициналық қалдықтарды қауіпсіз жою саласында мамандардың біліктілігін арттыру үшін санитариялық – ағарту жұмыстары (семинарлар, тренингтер және т.б) тұрақты жүргізіледі.
Қазір медициналық қалдықтарды жою дүние жүзі бойынша өзекті мәселе. Қалай десек те, қауіпті медициналық қалдықтарды жоюға жауапты мамандар жауапкершілікті сезінуі тиіс. Олай етпеген жағдайда, еліміздің экологиялық жағдайына да, халқымыздың денсаулығына да төнген қауіптің сейілуі қиын.
Ондағы мақсат – ел тұрғындары қауіпті медициналық қалдықтардың зардабын тартпасын деген тілек.
Жамбыл аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы Ғ.Ә.Әбділда