Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның берік негізі

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

 

Бүгін қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау, құқықтық мәдениетті арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында аудан тұрғындарымен кездесу өтті.

Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова, Жамбыл ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Мақсат Мадимаров, аудан прокуратурасының аға прокуроры Дінмұхамед Қадыров, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығының» мамандары және аудан тұрғындары қатысты.

Жиын барысында спикерлер өңірдегі қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар қатысушылар назарына құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бейнероликтер ұсынылды.

Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, мамандармен пікір алмасты.

Іс-шара соңында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілетуге және қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға белсенді үлес қосып жүрген бірқатар азаматқа аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.