«ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қазақстан Республикасы Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Отбасылық құндылықтар және Конституция» республикалық конкурсының облыстық кезеңі ұйымдастырылды.

Конкурстың негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамалық құндылықтарын насихаттау, отбасы институтын нығайту және ұлттық отбасылық құндылықтарды дәріптеу.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды. Байқаудың ашылуында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Самат Болатұлы Төрегелдиев пен Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Облыстық кезеңге облыстық басқармалар мен мекемелердің өкілдері, ардагерлер, қоғамдық ұйым мүшелері, білім беру саласының мамандары, аудандық және қалалық Отбасын қолдау орталықтарының қызметкерлері, аудандық кезең жеңімпаздары, көпбалалы отбасылар мен белсенді азаматтар қатысты.

Байқау барысында қатысушылар отбасы құндылықтарын сақтау, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластық, отбасындағы жауапкершілік, азаматтардың конституциялық құқықтары мен міндеттері тақырыптарында өз жұмыстарын таныстырып, шығармашылық қабілеттері мен құқықтық сауаттылықтарын көрсетті.

Қатысушылардың жұмыстары мазмұны, өзектілігі, шығармашылық шешімі, тақырыпты ашу деңгейі және ұлттық отбасылық құндылықтарды насихаттауы бойынша бағаланды.

Конкурс қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Аталған байқау – отбасы институтын нығайтуға, қоғамдағы өзара сыйластық пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ Конституцияда бекітілген құндылықтарды кеңінен насихаттауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі. Ал Конституция – әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Осы екі ұғымның сабақтастығын дәріптеу – берік әрі жауапты қоғам қалыптастырудың маңызды негізі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.