Сот отырысының хатшысы: құқықтары мен міндеттері:
Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Сот төрелігін жүзеге асыру барысындасудьяның қызметімен қатар, сот процесінің дұрысұйымдастырылуы мен іс жүргізу құжаттарыныңсапалы рәсімделуі де маңызды мәнге ие. Осы реттесот отырысының хатшысы сот процесініңажырамас бөлігі болып табылады.
Сот отырысының хатшысы – сот отырысыныңұйымдастырылуын қамтамасыз ететін, сот отырысының барысын белгіленген тәртіппентіркейтін және сот ісін жүргізуге байланыстыбірқатар маңызды міндеттерді атқаратын сот аппаратының қызметкері.
Бұл қызмет сырт көзге қарапайым көрінгенімен, үлкен жауапкершілікті, ұқыптылықты, тиянақтылықты және заң талаптарын жақсы білудіқажет етеді.
Сот отырысының хатшысы сот отырысынадайындық барысында процеске қатысушылардысот отырысының өткізілетін уақыты мен орнытуралы хабардар етуге, олардың сотқа келуінтексеруге және сот отырысына қажеттіматериалдардың әзірлігін қамтамасыз етугеқатысады.
Сот отырысы басталған кезде хатшы процескеқатысушылардың келгенін анықтап, олардың жекебасын анықтауға және заңда көзделген жағдайлардаөкілеттіктерін тексеруге жәрдемдеседі.
Хатшының басты міндеттерінің бірі – сот отырысының хаттамасын жүргізу.
Сот отырысының хаттамасы – сот процесініңбарысын көрсететін маңызды процессуалдыққұжат. Сондықтан хатшы сот отырысында болғанпроцессуалдық әрекеттерді, тараптардыңөтініштері мен түсініктемелерін, соттыңнұсқауларын және заңда көзделген өзге де мәліметтерді нақты әрі объективті түрде көрсетугетиіс.
Хаттаманы жүргізу кезінде хатшыдан ерекшемұқияттылық пен бейтараптық талап етіледі. Себебі сот отырысының хаттамасында көрсетілгенмәліметтер іс бойынша кейінгі процессуалдықәрекеттер үшін маңызды болуы мүмкін.
Сонымен қатар хатшы сот актілері мен өзге де процессуалдық құжаттарды белгіленген тәртіппенрәсімдеуге, оларды тіркеуге және тиісті орындарғажолдауға қатысады.
Сот отырысының хатшысы өзіне жүктелгенміндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды белгіленген тәртіппен алуға, қызметтікмәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге жәнежұмыс процесін жетілдіруге бағытталғанбастамалар көтеруге құқылы.
Сонымен бірге хатшы өз қызметіндеқолданыстағы заңнаманы, мемлекеттікқызметшілердің әдеп нормаларын және қызметтіктәртіп талаптарын сақтауы қажет.
Сот процесіне қатысушылармен қарым-қатынаскезінде әдептілік пен сыпайылық таныту, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінеқұрметпен қарау – сот аппараты қызметкерініңкәсіби мәдениетінің маңызды көрсеткіші.
Хатшы қызмет барысында өзіне белгілі болғанқызметтік және заңмен қорғалатын өзге деақпараттың құпиялылығын сақтауға міндетті.
Қазіргі таңда сот жүйесінде цифрландыруүдерісі қарқынды дамып келеді. Электрондыққұжат айналымы, ақпараттық жүйелердіңқолданылуы және сот процестерін техникалықтіркеу сот ісін жүргізудің жеделдігі мен тиімділігінарттыруға мүмкіндік береді.
Бұл өзгерістер сот отырысының хатшысынақойылатын талаптардың да артуына ықпал етеді. Қызметкер тек заңнаманы біліп қана қоймай, заманауи ақпараттық технологияларды меңгеріп, электрондық құжаттармен сауатты жұмыс істейбілуі қажет.
Сот отырысының хатшысы үшін әрбір істіңартында адамның тағдыры, оның құқықтары мен заңды мүдделері тұрғанын түсіну аса маңызды. Сондықтан қызметтік міндеттерді формалды түрдеорындау жеткіліксіз. Әрбір құжатқа, әрбірпроцессуалдық әрекетке жауапкершілікпен қарау – кәсіби міндеттің басты талаптарының бірі.
Сот отырысының хатшысы судьяныңпроцессуалдық өкілеттігін жүзеге асырмайды жәнесот төрелігін жүзеге асыруға араласпайды. Оныңміндеті – сот отырысының ұйымдастырылуын жәнеіс жүргізудің тиісті деңгейде қамтамасыз етілуінжүзеге асыру.
Сот отырысының қалыпты өтуі, сот процесінеқатысушылардың уақытылы шақырылуы, хаттаманың дұрыс жүргізілуі және қажеттіқұжаттардың белгіленген тәртіппен рәсімделуі – сот төрелігінің сапалы жүзеге асырылуына ықпалететін маңызды факторлар.
Сондықтан сот отырысының хатшысы қызметінсот жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететінмаңызды буындардың бірі деп бағалауға болады.
Сот отырысының хатшысы – жауапкершілігіжоғары, кәсіби білімі мен адамгершілік қасиеттердіқатар талап ететін қызмет.
Заңдылықты сақтау, бейтараптық таныту, ұқыптылық пен тиянақтылық, азаматтарғақұрметпен қарау және өз ісіне адал болу – сот отырысы хатшысының күнделікті қызметіндегібасты қағидаттар.
Сот жүйесіне деген халық сенімін арттыру тек сот актілерінің заңдылығына ғана емес, сот процесінің ұйымдастырылу сапасына, азаматтармен қарым-қатынас мәдениетіне де байланысты.
Осы тұрғыдан алғанда, сот отырысыныңхатшысы өз міндеттерін сапалы орындау арқылысот төрелігінің тиімді жүзеге асуына және сот жүйесінің беделін нығайтуға өзіндік үлесін қосады.
Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің бас маманы сот отырысының хатшысы И.Қайратова