ҚАЗАҚ ТІЛІ — ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

Тіл – халықтың рухани болмысын, тарихи жадын, мәдениеті мен ұлттық құндылықтарын сақтайтын баға жетпес мұра. Әр ұлттың өзіндік ерекшелігі мен дүниетанымы, салт-дәстүрі мен тарихы ең алдымен ана тілінде көрініс табады. Сондықтан қазақ тілі – халқымыздың ғана емес, Қазақстан қоғамын біріктіретін маңызды құндылықтардың бірі.

Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Оның мәртебесі ел Конституциясы мен қолданыстағы заңнамада бекітілген. Мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі қолданыс аясын кеңейту – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Тіл – бірлік пен татулықтың негізі

Қазақстан – түрлі этнос өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Осындай қоғамда өзара түсіністік пен құрметті қалыптастыруда мемлекеттік тілдің орны ерекше.

Қазақ тілін меңгеру – белгілі бір этносқа тиесілі болудың көрсеткіші емес, керісінше, Қазақстан азаматы ретінде ортақ құндылықтарды құрметтеудің белгісі. Мемлекеттік тілді білу азаматтардың бір-бірімен еркін қарым-қатынас жасауына, қоғам өміріне белсенді араласуына және елдің мәдени кеңістігіне жақындасуына мүмкіндік береді.

Тіл адамдарды алшақтататын емес, керісінше, біріктіретін құрал болуы тиіс. Бір тілде сөйлесу арқылы адамдардың арасында ортақ түсінік, өзара құрмет және азаматтық бірегейлік қалыптасады.

Қазақ тілінің қоғамдық маңызы

Қазақ тілінің дамуы – мемлекеттің тұрақты дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Мемлекеттік тіл білім беру, мәдениет, ғылым, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік басқару және қоғамдық өмірдің басқа да салаларында кеңінен қолданылуы қажет.

Бүгінде қазақ тілін үйренуге деген қызығушылық артып келеді. Жастардың мемлекеттік тілді меңгеруі, қазақ тіліндегі кітаптарды оқуы, отандық мәдени өнімдерді тұтынуы және әлеуметтік желілерде қазақ тіліндегі контенттің көбеюі – тілдің дамуының оң үрдістерінің бірі.

Сонымен қатар қазақ тілін тек күнделікті қарым-қатынас құралы ретінде ғана емес, заманауи білім мен кәсіби дамудың тіліне айналдыру маңызды. Ғылым, технология, экономика, құқық және басқа да салаларда сапалы қазақтілді ақпараттың көбеюі мемлекеттік тілдің қолданыс аясын одан әрі кеңейтеді.

Тілді құрметтеу – елді құрметтеу

Мемлекеттік тілге деген құрмет әр адамның күнделікті әрекетінен басталады. Қазақ тілінде сөйлеуге талпыну, оны үйренуге ниет білдіру, сауатты жазу және тілдің тазалығына мән беру – қоғам үшін маңызды қадамдар.

Әсіресе мемлекеттік қызметшілер үшін қазақ тілін жетік меңгерудің маңызы зор. Себебі мемлекеттік орган қызметкері азаматтармен тікелей байланыста болып, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетеді. Азаматтың өз мәселесін мемлекеттік тілде еркін жеткізе алуы және оған түсінікті жауап алуы – мемлекеттік тілдің қоғамдағы нақты қолданысының көрінісі.

Сот жүйесінде де мемлекеттік тілдің орны ерекше. Сот ісін жүргізуде қазақ тілінің қолданылуы азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін арттыруға, құқықтық сауаттылықты дамытуға және заң талаптарын түсіндіруді жеңілдетуге ықпал етеді.

Қазақ тілі – болашаққа бастайтын жол

Тілді дамыту бір күннің немесе бір жылдың міндеті емес. Бұл – ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын маңызды іс. Отбасында қазақ тілінде сөйлеу, балалардың қазақ тіліндегі әдебиеттерді оқуына жағдай жасау, мектепте мемлекеттік тілді сапалы меңгеруіне қолдау көрсету – тілдің болашағына жасалған инвестиция.

Қазақ тілінің болашағы оны күнделікті өмірде қаншалықты қолданатынымызға байланысты. Тілдің дамуына мемлекеттік бағдарламалармен қатар, әр азаматтың жеке үлесі де қажет.

Қазақ тілін үйренуге ұмтылған адамды қолдау, тіл үйренуді қиын міндет емес, жаңа мүмкіндіктерге бастайтын жол ретінде қабылдау – қоғамдағы тілдік ахуалды жақсартудың тиімді тәсілдерінің бірі.

Қазақ тілі – халқымыздың рухани қазынасы ғана емес, ел азаматтарын ортақ мақсат пен құндылықтар төңірегіне топтастыратын маңызды құрал.

Мемлекеттік тілді дамыту – қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ортақ міндет. Қазақ тілін білу, оны құрметтеу және күнделікті өмірде қолдану арқылы біз ұлттық мәдениетімізді дәріптеп қана қоймай, болашақ ұрпаққа берік рухани негіз қалыптастырамыз.

Қазақ тілі – татулықтың тілі, бірліктің тілі, ортақ құндылығымыз. Оны дамыту мен дәріптеу – баршамызға ортақ жауапкершілік.

Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Р.Д.Курбанов

Leave A Reply

Your email address will not be published.