Жамбыл ауданында биыл 9 ауыл тезек теруден құтылады

Кеше Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев Рахат ауылында болып, ауыл азаматтарымен кездесу өткізді.

Басқарма басшысы кездесу барысында ауылға жүргізілген газ құбыры қашан қолданысқа берілетінін ашық айтты.

 

🗒– Рахат, Еңбек, Тастөбе, Ащыбұлақ, Шайдана, Өрнек, Ерназар, Жұма, Көлқайнар ауылдарына газ құбыры тартылып, ауылішілік көшелерге жеткізілді. Бірақ қосылған жоқ. Бұл ауылдарды табиғи газбен қамту үшін қосылу нүктесіне дейін 4,7 шақырым газ құбырын жүргізу қажет. Қосылу нүктесі – Тараз қаласының батысындағы ГТС-2.

Құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 2022 жылы республикалық бюджеттен 363,0 млн.теңге бөлінді. Бүгінде жұмыстар жүргізілуде. Құрылыстар біздің болжам бойынша жаз айында аяқталар болса, Жамбыл ауданында 9 ауыл бір мезетте «көгілдір отынға» қол жеткізеді, – деді Құдайберген Нұрсерікұлы.

Кездесуде Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов Рахат елді мекенінде 85 аула бар екенін, ауылдықтар табиғи отынды тағатсыздана күтіп отырғанын жеткізіп, басқарма басшысыны арнайы келіп, тұрғындардың алаңдаушылығын тудырған жайтқа нақты жауап бергеніне алғысын білдірді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.