Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерделеу мақсатында рейдтік іс-шара жүргізілді
Бүгін аудандық «Отбасын қолдау орталығының» директоры Эльвира Көшкінбаева, заңгер маманы Мәди Тәжібаев, психолог маманы Айжан Шалабай, Айша бибі ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Нұрбақыт Әлімқұлов, бас маманы Балайым Чиналиева және жергілікті учаскелік полиция инспекторының қатысуымен «Д» және «Е» санатындағы отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерделеу бойынша рейдтік іс-шара жүргізілді.
Рейд барысында әлеуметтік жағдайы төмен, өмірлік қиын жағдайға тап болған және ерекше назар аударуды қажет ететін отбасылардың тұрмыс жағдайы зерделенді.
Мамандар әр отбасының жағдайына жеке тоқталып, тұрғындармен профилактикалық және түсіндіру бағытында әңгімелесу жүргізді. Атап айтқанда, отбасындағы моральдық-психологиялық ахуалға, ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілігіне және балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, тұрғын үйлердің санитарлық жағдайы, балалардың тұрмыс жағдайы және отбасыларда орын алуы мүмкін әлеуметтік мәселелер қаралды.
Тұрғындарға мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары түсіндіріліп, әлеуметтік, құқықтық және психологиялық мәселелер бойынша тиісті кеңестер берілді. Қажеттілігіне қарай әлеуметтік қызметтерді алу тәртібі мен жолдары түсіндірілді.
Рейд барысында анықталған мәселелер бойынша әр отбасыға жеке бағыт-бағдар беріліп, қажеттілігіне қарай әлеуметтік сүйемелдеу және мониторинг жұмыстарын жүргізу жоспарланды.