Комплексная многофакторная аутентификация надежно защищает. Используется в комплексной многофакторной аутентификации Кракен со всеми методами.
Отбасы күніне арналған апталық іс-шаралар аясында Жамбыл аудандық «Отбасын қолдау орталығының» мамандары өнегелі отбасы – Махажановтар шаңырағына арнайы барып, отбасылық құндылықтары мен өмірлік тәжірибелері жайында сұхбаттасты.
Отағасы Махажанов Айнабек 1948 жылғы 22 ақпанда дүниеге келген. Жамбыл педагогикалық институтын тәмамдап, мамандығы бойынша математика пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен.
Ал отанасы Махажанова Шария Әлиасқарқызы 1951 жылғы 27 ақпанда дүниеге келген. Қарағанды кооперативтік институтын бітіріп, экономист мамандығын меңгерген.
Бүгінде Айнабек пен Шария Махажановтар – 4 ұл тәрбиелеп, 15 немере сүйіп отырған өнегелі отбасы. Ғибратты ғұмыр жолы мен жарасымды шаңырағы – кейінгі ұрпаққа үлгі.
Сұхбат барысында отбасы мүшелері ұзақ жылдар бойы қалыптасқан сыйластық, өзара түсіністік, татулық пен отбасылық дәстүрлердің маңызы туралы ой бөлісті.
#ОтбасыКүні #ӨнегеліОтбасы #ОтбасыҚұндылықтары #БақыттыОтбасы #ОтбасынҚолдауОрталығы