Тараз қаласындағы «Тектұрмас» этнотарихи кешенінде «Вандализмге жол жоқ» акциясы ұйымдастырылды

Тараз қаласындағы «Тектұрмас» этнотарихи кешенінде «Вандализмге жол жоқ» акциясы ұйымдастырылды. «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының Жастар қанаты өткізген іс-шараға 50-ге жуық жас қатысып, тарихи орынның аумағын тазалап, ескерткіштер мен қоршауларға жазылған 150-ге жуық граффити жазуын өшірді.

Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан «Тектұрмас» этнотарихи кешені – Тараз қаласының тарихын, түркі өркениетінің бай мұрасын танытатын маңызды нысандардың бірі. 24 гектар аумақты алып жатқан кешенге күн сайын қала тұрғындары мен қонақтары келіп, тарихи орынмен танысады. Сондықтан оның тазалығын сақтау және тарихи нысандарды бүлінуден қорғау – баршаға ортақ міндет.

https://baq-orda.kz/article/tekturmas-tazalygy-tarixi-muraga-qurmet

Leave A Reply

Your email address will not be published.