«АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ»: ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ, ӨНЕРГЕ ҚҰРМЕТ
🔹Айшабибі ауылдық мәдениет үйінде «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық округтер арасындағы өнер байқауы өтті. Туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырып, ауылдың тарихы мен мәдениетін, салт-дәстүрін дәріптеуді мақсат еткен тағылымды іс-шараға жиналған жұртшылық ұлттық өнердің әсемдігіне куә болды.
🔹Байқау барысында қатысушылар ән мен жырдан шашу шашып, мың бұралған бимен көрерменнің көңілін тербетті. Ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған әдеби-сазды көрініс қойылып, халық әндері мен туған жерге арналған шығармалар орындалды. Әрбір өнер туындысынан ауылға деген сағыныш, елге деген құрмет пен ұлттық құндылықтарға деген ықылас сезілді.
🔹Ауыл – ұлттың рухани тірегі, салт-дәстүрдің алтын діңгегі. Оның мерейін өсіріп, мәдениетін өркендету – баршамызға ортақ міндет. Осындай өнер додалары ауыл арасындағы ынтымақты нығайтып, жас ұрпақтың бойына туған жерге деген сүйіспеншілікті сіңіре түседі.
https://www.instagram.com/p/Deep2kCkonC/?srtk=eGZydTRoZWVrZmo4