Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Аса ауылындағы әмбебап залы бар спорт кешеніндегі кіші футболдан өтіп жатқан дәстүрлі турнирге арнайы барып, өңірдің спортшыларымен кездесті.
Жамбыл ауданына қарасты мекеме-ұйым арасында өткізіліп жатқан турнирде ауыл тұрғындары мен қатар мемлекеттік қызметшілерде бар. Оның ішінде аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Телеуов жас буынға үлгі бола білген.
Спортшылармен жүздескен өңір басшысы:
Бұқаралық спортты жетілдіру және қолдау көрсетуді ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметке тікелей тапсырма берген болатын. Салауатты өмір салтын ұстануды әдетке айналдырған спортыларды жақсы танимын. Бүгін жастарға қолайлы кез — кешкі уақытта арнайы келіп тұрмын. Алдағы уақытта турнирлер мен жарыстарға баса көңіл бөлінетін болады. Аудан спортыларының өтініш-тілектері болса, тыңдауға дайынмын, – деген Ерлан Қыдыралыұлы ауыл-аймақтарда салынатын спорт нысандары туралы хабарлады.
Жамбыл ауданы әкімдігі баспасөз қызметі