Қыдыралыұлы шаруаның жұмысымен танысты

Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Айша бибі ауылындағы «Ақкөл» шаруа қожалығының егістік алқабында болды. Шаруа қожалық көктемнің ерте түсетінін ескеріп, 50 гектарға пияз орналастыруды бастаған. Тамшылатып суару әдісі арқылы ылғалдандыруды көздеген шаруа қожалық артығымен өнім алатынына сенімді. Бүгінде 10 адам, 3 техника алқап басында қызу тірліктің басы-қасында жүр.

Шаруаның жұмысымен танысқан Ерлан Қыдыралыұлы ауа райының ерте жылуын тиімді пайдалану шаруалар үшін қажет екенін атап өтті.

Өңір басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 58279 гектарды құрайды.

– Бүгінде ауданда 34808 гектар жер дайындаған. Жоспар бойынша 28960 гектарға сүдігер, 700 гектарға қант қызылшасы, 3698 гектарға дәнді және дәнді бұршақты дақылдар, 1800 гектарға майлы дақылдар, 385 гектарға картоп, көкөніс, 8220 гектарға бақша дақылдары, 13796 гектарға мал азығы, 20 гектарға таңқурай, құлпынай орналастырылады. Кейбір шаруалар көктемнің қарекетіне кірісіп үлгерді, – дейді аудан басшысы

 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.