Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
Тиісті жарлыққа Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды», — делінген құжат мәтінінде.
Айта кетейік, полиция генерал-лейтенанты Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлы 1962 жылы 14 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.