Шекара шебі берік, тұрғындар қырағылық танытуы тиіс

Тәуелсіздікке қол жеткізген ширек ғасыр ішінде еліміз толағай табыстарға қол жеткізді. Соның бірі – мемлекеттік шекарамыз шегенделіп, босағамыз бекіді, әлемдік аренада саяси салмағы артты.

Енді сол шекараның беріктігі сіз бен бізге байланысты. Яғни, шекара аумағында тұратын тұрғындар қырағылық таныту қажет.

Бүгін Бесағаш ауылдық округінде аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараевтың төрағалығымен жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірге шекара мәселелері, оның ішінде шекарадағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жиын өтті.

Айталық, Бесағаш аумағындағы шекара шебінде 2021 жылы — 37, 2022 жылы — 15 құқықбұзушылық анықталды.

Жиынға ҚР ҰҚК Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Жамбыл аудандық бөлімінің жедел уәкілі Рауан Папиев, Жамбыл ауданы прокурорының орынбасары Сәкен Маратұлы, Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасының бастығы Дильмурат Абрахманов, аудандық полиция бөлімі бастығының 1-ші орынбасары Мұрат Құдайбергенов және округ әкімі Бейбіт Нигматулаев қатысты.

Ауыл тұрғындарды — шекара шебіндегі құқықбұзушылықтар туындағанда қандай жаза қолданылады, айыппұл мөлшері қанша, қараша халық не ескеру қажет деген сауалдарға тұщымды жауап алды.

Өз кезегінде ауыл жұртшылығы «Алғыс айту» күніне орай шекарашылар мен құқық қорғау қызметкерлеріне алғыс білдіріп, олардың өлшеусіз еңбектерін атап өтті.

Шаруа қожалық жетекшілері мен тұрғындар  өз пікірлерін айтып, бірқатар мәселелер ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.